Қыз бен жігіттің сөз байласып, қол ұстасып бірге қашатыны бар, қыз баланы лақша бақыртып еріксіз алып қашатындар бар.
Бірақ, оның аражігін ажыратпайтындар көп. Алып қашу деген бір ғана дүние олар үшін. Сондықтан, жалпы қыз алып қашуға арнайы заңмен тиым салу керек шығар? Міне, Жамбыл облысының тұрғыны қателесіп тұрмыстағы келіншекті алып қашып кетіпті. Енді істі болып жатыр. Сонда болашақ жарының түрін де білмейтін болғаны ма? Өзінің де, болашақ жарының да өмірі ойыншық па сонда? Айдарына жел тигізбей мәпелеп отырған біреудің қызы – қой емес қой.
Серік Жанболат
facebook.com парақшасынан