Ол зейнетақы қаржысын жеке қорлар жинақтаған кезде басқарушы компаниялармен қиындық туғанын атап өтті. Сондықтан барлық зейнетақы жинағы бірыңғай мемлекеттік қорға берілді.
“Енді не көріп отырмыз? Бар зейнетақы жинағын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинап қойдық. Коммерциялық банктер басқара алмайды деген уәж айтылды. Сөйтіп бұл қаржыны қайда жіберді? Мемлекеттік борыш пен коммерциялық банктердегі депозиттерді пайдаланды. Яғни, кімнен алып қойса, қайта соларға басқаруға беріп отыр. Тек ұзақ уақытқа есептемей, қысқа мерзімді қаржыландыруға — депозиттерге берді”, — деді Құлыбаев.
Оның айтуынша, зейнетақы активтерін тиімсіз басқарудың негізгі себебі Ұлттық банк тарапынан қадағалаудың жеткіліксіздігі болып отыр. “Ия, басқарушы компаниялар зейнетақы жинақтарын басқарған кезде заңнаманы бұзғаны рас. Осындай фактілер болды. Бірақ бұл қадағалаудың әлсіз болғанын көрсетеді. Яғни, Ұлттық банк қадағалау жүргізген кезде осы басқарушы компаниялармен жұмыс істеуі керек еді”, — дейді Құлыбаев.
Дереккөз: Sputnik