Сот “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Рашид Аманжоловты қамауға алу туралы санкция берді.
Мемлекеттік корпорация бұрынғы қызметкерінің жұмыстан кету себебін де түсіндірді.
Белгілі болғандай, қамауға алынар алдында 2 күн бұрын Рашид Аманжолов өз еркімен қызметінен босаған екен. Сондықтан да мекеме сайтында оның қамауға алынуына байланысты ақпарат қойылмаған.
Сондай-ақ
құқыққорғау органдары бұрынғы қызметкерді қамауға алар алдында корпорацияға арнайы сұрау жолдамаған. Соған қарағанда Аманжоловтың істі болуы алдындағы қызметімен байланысты секілді. Бір жылдары ол Астана әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасына басшылық еткен болатын.