Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенмен кездесіп, өз батасын берді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына сәл кешігіп қалды.
“Димаш Құдайберген деген баламызды қабылдап, батамды беріп, кешігіп қалдым Сіздерге”
, — деді Мемлекет басшысы.
“Мен оған зор денсаулықпен бірге Құдай берген талантын жоғалтып алмауды тіледім. Сол үшін кең құшақ жайып, мейірімін төгетін қазақтың аса қонақжайлылығынан байқауды өтіндім.
Жолын кесу үшін бізде мақтай береді. Сондықтан көп мақтауға елітпе дедім”, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
https://kaz.365info.kz/ojbaj-khytajda-sagan-gashykh-khyzdar-kop-dejdi-ajtysker-khyz-dimashkha-olen-arnady-video-259880
Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайдың “Singer-2017” телебайқауына қатысып, әлемге танылды. Үш айға созылған ән додасында Димаш 14 кезеңді сәтті бағындырып, ІІ-орын алды. Байқаудан тыс ол бірнеше атаққа ие болды. “17th Top China Music Awards” шарасында “Халықаралық деңгейдегі танымал әнші” жүлдесін иеленді. Сондай-ақ Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының “Азияның ең танымал әншісі” номинациясында жеңіске жеткен болатын.