Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

iPhone 8 осындай болады екен (фото)

Оның айтуынша, жаңа модельді оған Foxconn зауытында жұмыс істейтін досы сыйлаған көрінеді.

Гескиннің сөзінше, оның қолындағы смартфон үлгі ретінде жасалған. Дизайны алдағы уақытта біршама өзгеріске ұшырауы да мүмкін. Дегенмен, негізгі сұлбасы осындай болмақ.

Суреттердегі гаджеттердің бірінің корпусы толықтай металдан жасалса, екіншісінің артқы беті iPhone 4 смартфонындағыдай шыныдан жасалған. Гескиннің айтуынша, жаңа iPhone 8 қоршаусыз дисплейге ие болмақ.

Гаджеттің артқы камераларының орналасу тәртібі де өзгереді. Бұған дейін қос камера көлденең орналасса, жаңа iPhone 8-де олар бірінің астына екіншісі қойылған. Бұл VR-контентті жазу үшін ыңғайлы.

Айта кетейік, Apple корпорациясы өзінің жаңа өнімдеріне жыл сайын қыркүйек айында презентация жасайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз