Кеше, 24-сәуірде Белград қаласында (Сербия) Қазақстан Республикасының Елшілігі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекелестік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша дөңreлек үстел ұйымдастырды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шараға қатысушыларға конституциялық реформаның негізгі ережелері мен халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша елімізде атқарылып жатқан оңды істер туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.
Мемлекет басшысы ұсынған реформа еліміздің халықаралық қоғамдастыққа енуіне, сондай-ақ Қазакстан азаматтарына ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттердің бизнесмендері үшін де мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететіні атап өтілді.
Өз тарапынан мәдениеттану докторы Ваня Йованович Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен тарихын жаңғыртуға, отансүйгіштік рухты нығайтуга және жастар арасында білім мен прагматизм культін насихаттауға бағытталған Мемлекет басшысының сындарлы саясатын оң бағалады.
Сондай-ақ ол Қазақстанның атақты жазушыларының еңбектерін БҰҰ тілдеріне аудару бойынша жобаны жүзеге асырудың шетелдік оқырмандарға Қазақстан әдебиеті туралы көбірек білуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Танымал серб экономисі Любомир Маджар еліміздің әлемдік нарықтық қатынас жүйесіндегі Қазақстан басшысы таңдаған экономикалық бағдардың тиімділігін, келелі табыстарға негіз болғанын атап айтты.