ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Қырғыз сыртқы саяси ведомствосының басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген болатын.
«Қазақстан үшін Қырғызстан – стратегиялық әріптес және одақтас. Бүгін елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық дамуының қарқынды үдерісі байқалуда», – деді Қайрат Әбдірахманов кездесуде.
Сұхбаттасушылар шекаралас ынтымақтастығын кеңейту және екі ел азаматтарының қатынасуы мен өзара сапарлар үшін жағымды жағдайлар жасау бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға келісті. Сондай-ақ, сыртқы саяси ведомстволар басшылары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимыл мен 14 сәуірде Бішкекте өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, тараптар Орталық Азияның ортақ мүдделерін жылжыту бойынша соның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017 жылғы мүшелігін мәтінде үйлестіруді жалғастырудың мәнділігін атап шықты.