Fox News америкалық телеканалы «Фактор О’Райли» саяси бағдарламасының жүргізушісі Билл О’Райлиді жұмыстан шығарды. Бұл бағдарламаның рейтінгісі өте жоғары болған.
О’Райлидің телеканалдан нақты не үшін кеткені жөнінде келісімге сәйкес, нақты айтылмаған. Жергілікті баспасөздің жазуынша, жүргізуші Fox News қызметкеріне қырындағаны үшін қызметінен кетуге мәжбүр болған.
New York Times газеті телеканал басшылығына 15 жыл көлемінде Fox News арнасы қызметкерлері тарапынан сексуалды алымсақтыққа байланысты О’Райлиге қатысты бес шағым түскенін анықтағандарын жазады. Жәбірленуші тараптың бұл жайтты жария етпеуі үшін жүргізуші 15 млн доллар жұмсағаны да айтылған.
Билл O’Райли америкалық президенттерден, соның ішінде Барак Обама мен Дональд Трамптан бірнеше рет сұхбат алған. Ақпан айында оның Владимир Путинді “адам өлтіруші” деп айтқан сөзі әлемге тарап кетті. Ресей президентінің баспасөз хатшысы бұған қатысты Кремль телекомпаниядан “шыдаммен” кешірім сұрауын күтеді деген. О’Райли болса, “алты жылдан кейін кешірім сұрауым мүмкін” деп жауап берген.