Зимбабве үкіметі – реформашыл үкімет. Олар енді оқу үшін ақша төлеудің жаңа түрін жария етті.
Енді ақшаңыз болмаса, оның орнына үйдегі төрт түлік пен басқа да қызмет көрсету арқылы төлеуге болады, деп жазады Лайф.
“Елдегі мектептер оқу ақысының орнына қой мен ешкі, болмаса төлеушілердің қызметтерін қабылдай алады. Мысалы, мамандығы құрылысшы адамдар баласының оқуын ақшалай төлей алмаса, мектептің бірдемесін салып берсін”.
Білім министрлігі бұл реформа әсіресе ауылдық жердегі халық үшін өте ыңғайлы болады дейді.