Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр күтіледі, оңтүстікте найзағай болады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, тек солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, облыстарының түнде кей жерлерінде жел 15-20, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-22 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Павлодар,Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады.