Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Еліміздегі 57 мектепте Таиландтың білім беру бағдарламасы пайдаланылмақ

Жаңа оқыту әдісінде халықаралық тәжірибе де ескерілген. Соның ішінде Таиланд елінің білім беру бағдарламасы пайдаланылмақ. Еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындары, колледж, мектеп және балабақша оқытушылары мен басшыларына өзінің тәжірибесімен бөлісу үшін доктор Арт Онг Джумсай келді. Ол жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген әлемге әйгілі мектепті құрушы.

«Қазақстан және әлемнің өзге мемлекеттерінде балалар білімді болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. Біліммен қатар, жасөсіпірімдерде адами қасиеттерді бойына сіңдіруге тырысуымыз керек. Бүгінгі балаларды мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу жолдарын айтамын», – деді педагог Арт Онг Джумсай (Таиланд).

Мамандардың сөзінше, негізінен біздің оқыту бағдарламамыз Таиланд елінікімен ұқсас көрінеді. Бұл мемлекетте қазір енгізілген жаңашылдықтар бізде де қолданыста бар. Атап өтерлігі, бұл шара «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдық мерейтойына орайластырылып ұйымдастырылған. Бұған дейін мұндай кездесу Астана қаласында өткізіліпті. Алматыдағы семинар 13 сәуірге дейін жалғасады.

«Семинарда қозғалынатын тақырыптар жалпы адамзаттық құндылықтарды білім беру үдерісіне интеграциялау модельдерін қарасытарады. Содан кейін Джумсай мырза Таиландтағы жалпыадамзаттық құндылықтар мектебінде болып жатқан іс-шаралармен бізді таныстырады», – деді «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы директорының орынбасары Луиза Жұбатова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз