Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мемлекеттік инспекция комитетінің аймақтағы өкілі Тілек Химедденов енді он жылын түрмеде өткізуі тиіс.
Осыдан тура бір жыл бұрын Файзулла Төлегеновтің өлі денесі әріптесінің үйінен табылған еді.
Алғашқыда сарапшылар оны жүрек талмасынан қайтыс болды деген шешім шығарған. Бұған сенбеген марқұмның туыстары қайта тексеруге арыз жазады. Екінші қайтара жүргізген сараптама ауыр соққы болғанын ақыры анықтапты.
Тілек Химедденов те кінәсін мойындамады.
Енді ол 10 жыл отырып қана қоймай, қаралы отбасыға екі миллион теңге өтеуге міндетті.
Дереккөз: ktk.kz