Қазақстанда 20-дан астам шетелдік мемлекеттің 22 мыңға жуық компаниясы жұмыс істейді. Соның ішінде ең көбі – ресейлік, түрік және қытайлық фирмалар.
Қазақстанда ең көп шетелдік компания – Ресейдікі. 2017 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша, біздің еліміздегі ресейлік компаниялардың саны 7 мыңнан асып түскен. Ал одан кейінгі ІІ-орында – түріктердікі: шамамен 1,8 мың деп хабарлады LS басылымы.
2017 жылдың 1-наурызындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 21,8 мың шетелдік кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Бұл – өткен жылғы осындай уақытпен салыстырғанда 2,5 есе артық көрсеткіш, яғни 2016 жылдың 1-наурызында бізде 8,7 мың шетелдік компания жұмысын жүргізген.
2017 жылдың 1-наурызындағы дерек бойынша, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялар саны:
1. Ресей – 7072
2. Түркия – 1846
3. Қытай – 985
4. Нидерланды – 984
5. Германия – 922
6. Өзбекстан – 893
7. Украина – 657
8. Қырғыз Республикасы – 612
9. Ұлыбритания – 513
10. АҚШ – 509
11. Корея -485
12. Әзірбайжан -422
13. Швейцария – 328
14. Виргин аралдары – 313
15. Үндістан – 259
16.Кипр-274
17. Беларусь – 230
18. Италия – 220
19. Иран – 208
20. Люксембург- 186
Еске сала кетелік, алдағы жылы елімізде жұмыс істейтін шетелдік компаниялар артпаса кемімейді. Өйткені жуырда „Самұрық-Қазына„ ұлттық әл-ауқат қоры өзіне қарасты 100-ден аса ірі мемлекеттік компанияның активін саудаға қойды. Оларды шетелдік инвесторларға сату да жоспарда бар.