Волейболдан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы 29 жастағы бразилиялық спортшы қыз Таиса Мензес ауыр жарақат алды.
Әйелдер Чемпиондар лигасында ойын барысында Таиса аяғын сындырып алды. Видео YouTube желісінде шықты. Түркиялық “Экзачибаши” командасы үшін өнер көрсететін волейболшы блок тосуға секіріп, сәтсіз құлаған. Видеоның кадрларынан оның оң аяғы сыртқа қарай шығып тұрғаны байқалады.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz