Димаш Құдайберген атақты актер Джеки Чанды туған күнімен құттықтады.
Димаш Джекимен түскен кезекті суретін әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жүктеп, оның тұсына:
“Туған күніңмен, менің құрметті ағам!” – деп жазды.
Желідегілер танымал қытай актерін дүние есігін ашқан күнімен құттықтап жатыр. Айтпақшы, Димашқа пікір қалдырғандардың басым бөлігі қытай азаматтары екен.