Бір “әнигдот” естіп, тоңын теріс айналдырдым.
Аптобыста қазақ, француз, ағылшын әйелдер келе жатыр екен.Ағылшын әйелдің топлиы жоғалып, қазақтан көреді. Оны ептеп қазақша білетін француз келіншекке айтады.Намыстан шар ете қалған қазақ келіншек:
– О, әдірем қалғыр, керек еді сенің жаман топлиың! – дей салады.
Француз осы сөзден ұққанын ағылшынға аударып:
– Сенің туфлиің оған өте керек екен – дейді.
Оны ести сала қазақ әйел:
– Армандапсың ақтоқты, қысты күні көк шөпті! – дейді.
Француз оны
– Сізге ақша емес, көкөніс берсе қалай? – деп аударады.
– Керек емес, ақшасын берсін! – дейді ағылшын.
– Атаңның қураған қу шекесін берем! – дейді жазықсыз қазақ.
– Онда Сізге атаңыздың скилетін беретін болды! – депті француз.
– Менің атам екінші дүниежүзілік соғыста кемесімен теңізге батып кеткен. Оны қайдан тауыпты? – деп, ағылшын аң-таң дейді әлі күнге.
Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан