Атырау облысы Ақсай ауылынан шыққан 10 жасар атыраулық дойбышы Бекарыс Жұмалиев дойбыдан еліміздің төрт дүркін чемпионы атанды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Дойбыдан ҚР жастар чемпионаты Қаскеленде өтті. Бекарыс барлық 9 қарсыласын жеңіп шығып, «Классика» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Менің оқушым өзінен екі-үш жас үлкен балалармен ойнады. Осыған қарамастан, Бекарыс біздің бар үмітімізді ақтады», – деді жас чемпионның бапкері Берік Молдаш.
«Әзірге бұл мәселе қаралып жатыр», – деп хабарлады Молдаш.