Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Марқұм актердің отбасы көтерген шуға қатысты театр заңгері жауап берді

Заңгердің айтуынша,

Оксана Үркімбаева басқа еркекпен көңіл қосып, бала туып алған, яғни ол қазір басқа еркектің жары. Ал марқұмнан қалған үш баланың екеуін ата-енесіне берген, яғни оның қолында тұрмайды.

Оған қоса жатақханада тұрып келе жатқан жылдары Оксана коммунальдық төлемдерді төлемей, театрды қарызға кіргізген. Сондай-ақ, ПИК басшысы Оксана Үркімбаева тұрғындарды коммуналдық қызметтер үшін ақша төлемеуге шақырған. Осыдан соң театр басшылығы Үркімбаеваны бөлмесінен шығару керек деп шешкен. Өздігінен бұл талапты орындамаған соң театр Алмалы аудандық сотқа жүгінген.

Заңгер Құсайыновтың айтуынша, Алматыдағы театр жатақханасындағы бір бөлме Шалқар Үркімбаевқа 2008 жылдың 23 наурызында берілген.

“Ал 2012 жылы мезгілсіз дүниеден озған Шалқар Үркімбаевтың қайтыс болғандығы туралы анықтамасында (19.06.2012ж) 20-319-12-0000851 тіркеу бойынша қайтыс болу себебі белгіленбеген, медициналық сараптама нәтижесі ашық бас-ми жарақатын көрсеткен. Марқұм қаза болған күнгі қойылымда ойнамаған, репитицияда болмаған.

Өлім жұмыс орнында, жұмыс жағдайында болмаған.

Театр басшылығы асыраушысынан айырылған отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып баспаналы болғанша театр меншігіндегі жатақханада уақытша тұруға рұқсат еткен. 2013 жылдың 10 шілдесінде толыққанды емес отбасы есебінде тұрғын үй алу кезегіне тұрған Оксана Үркімбаева 2016 жылғы анықтама негізінде 4036-ші кезекте тұрған болатын”, – дейді заңгер.

Сонымен қатар, Құсайыновтың жауабында күйеуінің өлімінен кейін Оксана Үркімбаева басқа азаматқа тұрмысқа шығып, одан ұл бала сүйгені айтылып отыр.

“Бұл жағдайда жанұя Шалқар Үркімбаевтың отбасы болып саналмайды. Сондықтан олар пәтердің заңсыз тұрғыны болып есептеледі. Біз бұл жағдайды Оксана Үркімбаеваға 2016 жылдың маусым айында ескертіп, өз жағдайын жасап алуға уақыт бердік. 2017 жылдың 23 қаңтарында кезекті ескерту жасалды. Бүгінде 2 сот отырысы болып өтті. Сот өз төрелігін береді! Мұндай мәселеде заңды құжаттар мен дәлелдерге сүйеніп, сот шешімін күткен жөн”, – делінген заңгердің жауабында.

Айта кетейік, Әуезов атындағы академиялық драма театрының басшысы марқұм актердің отбасын қызметтік жатақханадан қуып жатқаны айтылған.

“2012 жылдан бастап жаңағы театрдың басшысы үй алғанша осы жатақханада тұра беріңдер деген. Қалай басшы ауысты, 2016 жылы, солай мені осы жатақхананы босат деп қудалап жатыр. Менің қазір төрт балам бар. Көп балалы анамын”, – деп назын айтқан еді марқұмның әйелі Оксана Үркімбаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз