Теміртау қалалық соты бала ұрлады деген айып тағылған күтуші әйелді «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Сот тергеушінің қолдаухатын қанағаттандырып, күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады», – деп хабарлады Теміртау қалалық соты баспасөз қызметінің басшысы Мадияр Әбенов.
Теміртау соты бала ұрлаған күтуші әйелді қамауға алуды санкциялады 22 жастағы әйел қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АК 159/1 тергеу абақтысына қамалды. Оған қатысты 125-бап («Адам ұрлау») бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, 26-наурыз күні кешкісін полицияға 22 жастағы Теміртау тұрғыны келіп, оның екі жасар баласын күтуші әйел ұрлап кеткендігін хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында 27-наурыз күні таңертең Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, Астанада тұтқындады.
Ұрланған баланың анасы Екатеринаның айтуынша, күтуші пәтерде жазба қалдырған. Әйел қызды мамырда қайтаратынын, ол үшін алаңдамауын, оған жақсы қарайтынын жазып кеткен.