Әлеуметтік желіде Димаштың далаптың жарнамасына түскен видео ролигі пайда болды.
Алдында Димаш Құдайберген Қытайда Beauty Secret косметикалық компаниясымен келісімшартқа отырып, осы компания брендінің келбеті екенін куәландыратын сертификат алған болатын. Енді оның шағын бейнероликтері Интернетте пайда бола бастады.
Алайда басқа Азия елдерінің еркек кіндіктілеріне қарағанда қазақ жігіттері бояудан ат басын ала қашады. Қазақтың осы ерекше менталитетін еске салған
желі қолданушылары Димашқа „бұл жарнамаға түспей-ақ қойсаң қайтер еді, енді артынан түрлі сыпсың сөз ереді„ деп жөн айтыпты.
Ал біз өз кезегімізді Димашты қолдаймыз. Керісінше, бір оқпен екі қоянды атып түсірген Димашқа: „Жарайсың„ дегеннен басқа айтарымыз жоқ.
Одан кейін Корея, Жапония, Қытай елдерінде ер адамдар тері күтіміне қатты мән береді. Шаштарын да бояйды. Сондықтан тар шеңберден шығу керек, бұл Қазақстан емес, жалпы Азия елдерінің еркектеріне арналған жарнама, соны дұрыс түсінген абзал.
Одан кейін ол ерін жарылғанда жағатын далапты жарнамалайды, басқасын емес.
Негізі, мұндайда қазақ: „Қолыңнан келсе қонышыңнан бас„ дейді…