Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Лолажан деуші еді”. Танымал журналист Ислам Кәрімовтің көңілдесі болған ба? (фото)

133

“Жас маман ретінде енді ғана қызметке кіріскен кезім еді. Өз тарапымнан ешқашанда мұндай емеурін танытқан жоқпын. Марқұм Ислам Кәрімовке ұнауды мақсат тұтпадым. Ол үйленген азамат, оның үстіне Мемлекет басшысы еді. Бірақ, маған деген ықыласы ерекше болатын. Жиын-шарларда әрқашанда: “Лола, мен дұрыс айтып отырмын ба?” немесе “Лолажан, бұл туралы не ойлайсың?” деп сұрап отыратын.

Шынымды айтсам, оның тарапынан осыншалықты ықыласқа қалай ие болғанымды білмеймін. Мемлекет басшысының ықыласына бөленерліктей ештеңе істемедім. Оның үстіне, сол кезде өзбек қоғамында ұлтшылдық басым болатын. Ислам Кәрімовтің әйелі орыс ұлтынан екенін бәрі білетін. Менің пікірімше, кейбір адамдар Кәрімовтің өзбек қызына үйленгенін қалаған болуы керек. Мұндай қауесет қайдан тарағанын мен білмеймін, бірақ соның кесірінен жұмыстан кеттім” – деді Хатамова.

Ислам Кәрімовпен бірге істеген өзбек телевидениесінің бұрынғы жұлдызының айтуынша, “президентті жиналыста тыңдау мүмкін емес еді. Өйткені ол өзбек тілін нашар білетін. Орысша сөйлеген күннің өзінде, басты тақырыптан ауытқып кететін”.

Лола Хатамова Өзбекстан азаматтығынан бас тартпаған, отанына жиі келіп тұрады, мемлекеттің жаңа басшысынан жақсы өзгерістер күтеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз