Қазақстандықтар Бақытбек Есентаевты түрмеден босату немесе оның жазасын жеңілдету туралы онлайн петицияға қол қойып жатыр.
Арай Кәрібаева есімді Инстаграм желісін қолданушы барша қазақстандықтарды Бақытбек Есентаевтың жазасын жеңілдету туралы петицияға қол қоюға шақырып жатыр.
“Құрметті Қазақстан азаматтары”, – деп басталады петиция.
2016 жылдың 10 маусымында Баян Есентаева ойнасы Тұрсынғали Алагөзовпен Грузия, Түркия елдерінен біріккен сапардан оралған, дәл сол күні Бақытбек Есентаев әйелінің көзіне шөп салатынының нақты дәлелін алған. Опасыздық фактісін, нақсүйерінің есімін, оның қатысын жасыру үшін Бақытбек Есентаевтың ісінде сот процесін жабық түрде өткізуге мүмкіндік беретін ҚР ҚК Зорлау – 120 бабы, Сексуалды нышандағы зорлық әрекеттер – 121 бабы пайда болды делінген. 2016 жылдың қыркүйегінде Баян Есентаеваның опасыздығы, оның нақсүйері Тұрсын Алагөзов есімін ел Бақытбек Есентаевтың өз аузынан естіді. Сондықтан бұл жағдайда, яғни, ашу қысқан уақыттағы қызбалыққа салыну /аффект жағдайында/ қасақана кісі өлтіру туралы ой келмейді, адам іс-ірекетін қадағалай алмай қалады, – дей келе, Баян Есентаеваның опасыздық фактісі ашылғанша, ол бірқатар нәрселерді өтірік айтқан, соған сәйкес Бақытбек Есентаевтың 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімін қайта қарау қажеттігін өтінеміз, – делініпті.
Аяжан Төрехан