Өтірік болса да, «праваны сатып алдым», деп жар салған Әйгерім Фазылова дұрыс істеген сияқты.
Бір шындық бар:
Қазақстанда жүргізуші куәлігін сатып алуға болатынына ешбір қарапайым қазақстандық таң қалған жоқ. Өйткені көпшілігі сатып алған.
«Сатып алу мүмкін емес», деген шенеуніктердің қай Қазақстанда өмір сүретінін білмедік.
Nur.kz сайтының пысық журналистері халық арасында сауалнама жүргізіпті: «праваны сатып алдыңыз ба? » деген сұрақ қойыпты.
Анонимді сауалнамаға жасы 18-ден асқан 1,4 мыңнан астам адам қатысып,
оның тең жартысы (49.5 %) жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алғанын жасырмапты.
22.9 пайызы автомектепте оқыса да, емтиханды өз күшімен тапсырмаған екен. 21.9 пайызы ашықтан-ашық сатып алғанын айтыпты, ал 4.8 пайызы сыйлыққа алыпты.
Мінеки. Ал, не дейсіз?