Бұдан бұрын АҚШ Yahoo сайтындағы аккаунттарды бұзды деген күдікпен бірнеше адамды айыптаған болатын.
АҚШ-тың әділет министрі Yahoo сайтындағы аккаунттарды бұзды деген күдікпен төрт ресейлікті айыптады, олардың екеуі Федеральдық қауіпсіздік қызметі қызметкері деп хабарлайды РИА Новости.
“Ресей Федеральдық қауіпсіздік қызметінің екі қызметкері мен екі қылмыскер-хакер кибершабуыл жасағандары үшін айыпталды: Дмитрий Докучаев пен Егор Сущин – ФҚК қызметкерлері, олар АҚШ аумағы мен одан тысқары жерлерде құпия бағдарламалардың көмегімен хакерлердің ақпарат жинауына көмектесіп, басқарып, ақша төлеп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған”, — деп хабарлады АҚШ әділет министрінің өкілі баспасөз мәслихатында.
ҚР СІМ ресми Twitter аккаунтында жақында Канадада ұсталған Кәрім Баратовтың бұрын Қазақстан азаматы болғандығын, бірақ 2011 жылдан бері азаматтығын ауыстырғанын мәлімдеді.