Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Бүгін ел аумақтарын тұман басып, көктайғақ болады

111

 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, баяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с артады, күндіз баяу бұрқасын жүреді, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының жекелеген аумақтарында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұрқасын соғады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының жекелеген жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерін тұман басады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз