Қазақстандық жігіт сүйіктісінің өзін алдағанына қарамастан, іштегі баланы аяп, оны алып қалғанын айтты.
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
2011 жылға дейін Нұрдәулет пен Несібелі қыз-жігіт болып жүреді. Айтуларынша, бір-бірін сүйіп қосылған. Нұрдәулетті анасы ата-әжесінің тәрбиесіне беріп, ол үш жасқа толғанда екінші рет тұрмысқа шыққан. Ал Несібелі балалар үйінде тәрбиеленген. Несібелі ханым тойға дейін жүкті болып қалып, Нұрдәулетті өзіне үйленуге міндеттейді. Ұлан-асыр той болмаса да, жігіттің туыстары беташар жасап береді. Осыдан кейін жігіттің туысқандары қызды гинекологқа апарып тексертеді. Сол жерде баланың басқа азаматтан екені анықталады. Осыған қарамастан, Нұрдәулет пен оның туысқандары Несібеліні өз отбасыларына қабылдайды.
Дәл қазір ерлі-зайыптылар жанжалдасып жатыр. Оларды жігіттің анасы Мәскеудегі туысқандарына құлдыққа сатып жіберген болуы мүмкін. Әзірге істің ақ-қарасы толық анықталмады.
Дереккөз: stan.kz