Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы кітапханада жастармен кездескен әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина жастардың сұрағына жауап бере келе, мамыр айында бесінші баласын дүниеге әкелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің анам 16 құрсақ көтерген. Көзіміз тіріміз аз қалдық. Дегенмен, көпбалалы отбасында ауылда өстім. Анам өте қарапайым жан, ер азаматының жағдайын жасап, үйдің берекесін келтіріп отырған. Анам өмір бойы қызмет істемесе де, ерінің қас қабағына қарап, бала-шағасын бағып-қақты. Әкем ел басқарған абыройлы азамат болды. Алтын тойларына жетпей қалып, он жыл бұрын дүниеден озды. Қазір немересі мен шөбересінің санынан шатастық. Құдайға шүкір, бармыз»,-деген Қарақат отбасындағы 16 баланың ішінде өзі көпбалалы ана атанып отырғанын айтты.