Қазақстандық шекарашылар Ресейден Қазақстанға қару мен оқ-дәрілер алып өту әрекетінің жолын кесті.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Семей» бақылау-өткізу бекетінің «Убе авто» өткізу пунктінің жасағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алып жүру құжаттарынсыз өткізбек болған 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Ұстау фактісі жөнінде Шемонаиха ауданының ішкі істер басқармасы өкілдеріне хабарланды.