АҚШ-тың әділет министрі мен бас прокуроры Джефф Сешнс АҚШ-тағы сайлау кампаниясына Ресейдің араласуы мүмкін екенін зерттеуге қарсылығын білдірді. Ол бұл жөнінде бейсенбіде баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.
Сешнс барлық құжаттар мен инструкцияларды жіті зерттегеннен кейін ол өзі сайлау кампаниясы барысында Трампқа кеңесші ретінде қатысқанын еске салып, бұл тергеу жұмыстарына қатыспайтынын мәлімеді. Ол сонымен бірге сенат комитетінің барлық сұрақтарына жауап беруге әзір екенін жеткізді.
Сешнс АҚШ-та Ресей елшісімен кездескені мәлім болғаннан кейін, жанжалдың ортасында қалды. Бірақ өзі сенат комитетінің тыңдауында Ресей өкілдерімен кездеспегенін айтқан. Сешнс сенат комитетіндегі тыңдауда берген жауабы әділ болғанын, себебі ол сұрақты сайлауалды кампанияда ресейлік өкілдермен “үнемі байланыста болу” деп түсінгенін айтқан.
Ол Ресей елшісімен екі рет кездескенін, оның бірі өте қысқа болғанын растады. Екінші кездесу сенаттағы кабинетінде, екі көмекшісінің қатысуымен өткен. Сешнстің сөздерінше, кездесу барысында терроризм және діни топтардың сапары, сонымен бірге Украинадағы жағдай туралы пікір алмасқан, бірақ “талқылау барысы өте ауыр” болған.