Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Бәке, 40-қа дейін бәріміз жаспыз”. Сенатор Үкіметтен жас шектеуін қайта қарауды сұрады

Қалетаев бейсенбі күні сенаттың жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына осындай сауал жолдады. Депутат еске сала кеткендей, 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес, бірнеше бағыттар бойынша қол жетімді баспана салу қарастырылады.

“Алайда баспана алуға үмітті отбасылар үшін жас шектеуі бар. Мәселен, бір санат бойынша, ерлі-зайыптылар үш жыл отасқан, бір балалы және 35 жасқа толмаған болуы тиіс. Екінші бір санат бойынша, жас отбасының некелескеніне екі жылдан аспауы керек және ерлі-зайыптылардың жасы 29-дан аспауы шарт.

Қазіргі таңда баспана мәселесі жастар арасында өте өзекті болып отыр. Сол себепті жастар кеш үйленетін болған. Мұндай жағдайда отбасылар үшін жас талаптарын өзгерту қажет.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, бір санат бойынша жас аралығын 35-тен 39 жасқа дейін ұлғайтуды, ал “жас отбасы” санаты бойынша 29 жастан 35 жасқа дейін белгілеуді қарастыруыңызды сұраймын”, — деді Қалетаев премьер-министрге.

Еске сала кетелік, Қазақстанда мемлекеттік бағдарламамен үлкен жеңілдікпен жас отбасыларға пәтер беріледі. Алайда жас отбасыға қатысты белгіленген шектеулер талай жастың жолын жауып, мүмкіндіктен айырып жүр. Сондықтан Қалетаев көтерген мәселе көптің көңілінде жүрген өте өзекті мәселе, ол қабылданса, халықтың Үкіметке деген қатқақ көңілі бір жібір еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз