Димаш Құдайберген Қытайдағы “Singer-2017” жобасының VIII кезеңінде қытай тілінде ән салатыны белгілі болды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Байқауға қатысушылар ертең болатын түсірілімде шырқайтын әндеріне дайындық жасап жатқандарын әлеуметтік желілерде жариялап та үлгерді. Ал Димаш бұл кезеңде танымал қытай әншісі Хан Хунның “Таң атты” деген әнін орындайды.
Хан Хун “I am singer” байқауының ІІІ-кезеңінде І-орын алған. Және ол осы “Таң атты” әнімен І кезеңде-ақ көш басына шыққан еді. Өз кезегінде Димаш Хан Хунның шығармашылығымен жақсы таныс екенін атап өтті.
Ал ол әнді Димаш осы телебайқауға келген кезде орындаған екен.
https://www.youtube.com/watch?v=vu7H-x-cFcE
Жобаның VII кезеңі эфирде 4 наурыз күні көрсетіледі. Бұл кезеңде халық әні “Дайдидауды” орындаған Димаш III-орыннан көрінген.