Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Күні-түні көреді!” Қазақ жігіті әйелін сериалға тәуелділіктен арылта алмай жүр (фото)

243

Соңғы кезде, тіпті, өзі де әйелімен қосылып телехикая қарайтын болған. «Қазір телехикая көре бер, бірақ маған тиіспесіннің күйін кешіп жүрмін» дейді  Әбдуәлі Мәденов.

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz.

Әлемдегі алғашқы телехикая 1949 жылы АҚШ-та пайда болған. Ол – АВС арнасынан көрсетілген «Жалғыз рейнджер» туындысы. Мектеп жасындағы жеткіншектерге арналған телехикаяны үлкені де, кішісі де жақсы қабылдады. Аптасына бір ғана бөлім көрсетілген кездер болған. Осылайша ол 1957 жылы бірақ тәмамдалды. Осы секілді бірнеше жылға созылған телехикаялар біздің де арналарымыздан көрсетіліп жатыр. Мұнымен қатар, Youtube желісінде еркін қарауға болатын түрлері де бар.

Қазақстандық келіншек өзінің телехикаяға қалай тәуелді болып қалғанын білмейтін сыңайлы. Оның осы жағымсыз қасиетін күйеуі байқап қалған-ды. Күйеуі Әбдуәлі Мәденов мырза бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында толығырақ айтып берді.

«Тәуелділігін таңертең тұра салысымен телехикая көретінінен байқадым. Арасында түскі асқа келген кезімде де, кешкі мезгілде де сол телехикаяны көріп отырады. Қазір бірге отырып көретіндей жағдайға жеттік. Себебі, маған тамақ берген кезде міндетті түрде телехикаясы қосылып тұрады. Ал арнаны ауыстырсам, шу шығарады. Осы тәуелділігі туралы бір-екі рет сөйлесіп көрдік. Бір шетінен, әйелім үйде отырғандықтан, «Телехикаясын көріп, менің мазамды алмасыншы» деп жүрмін. Өзінің жұмыстарымен бір жерге баратын болса, бірден жиналып шығады. «Кейін интернеттен көріп аламын» дейді. Қажет болса, телефондағы тікелей эфир арқылы көреді. Ал қандай актерлерге қызығатынын маған айтпайды», – дейді Әбдуәлі Мәденов мырза.

Бағдарламаның тұрақты психологы Лимана Құттыбекқызы әйелі көріп жүрген телехикая мен оның ішкі сезімінің ұқсастығы бар екенін айтып қалды. Осыған орай, Әбдуәлі мырзаға келіншегі көріп жүрген телехикаялар туралы көбірек ақпарат жинауға кеңес берді.

«Мен қандай да бір пікір білдіру үшін әйелдің қаншалықты тәуелді екенін нақты білуім қажет. Мұнымен қатар, ол қонақ шақырып, бір жерге бару, баланың сабағын оқыту сынды міндеттері туралы ұмытпағаны жөн сияқты. Телехикаяға тәуелді адамдар сүйікті актерінен өзіне ұқсас белгілерді тауып алады. Бейсаналы түрде адам осылай өзі туралы ақпаратты айтып қояды. Мысалы, өмірде көп қиындық көрген адамдар «Күлшеқыз» мультфильмін жақсы көреді… Бірақ қысқа фильмдерге қарағанда телехикая өте тартымды болады. Өйткені оның сюжеті біздің тұрмысымызға ұқсас. Келін мен ене, көңілдес – мұның барлығы жай ұқсастықтар емес», – дейді маман.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз