Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Оларды ит қабады…”. Сағадиев мұғалімдерді үй-үйді аралаудан қалай босатпақ?

Министр өз сөзінде бірыңғай ақпараттық жүйенің тиімділігіне тоқталды. Оның айтуынша, білім министрлігі үшін бұл толық автоматтандыруды қамтамасыз етеді.  “Яғни, біз әрбір бағаны, әрбір үй тапсырмасын, әрбір мұғалімнің сабақ жоспарын көретін боламыз. Мұны әкімдік, облыстық білім басқармасы және ата-аналар да көретін болады. Бухгалтерия бойынша да осылай. Бұдан бөлек, орын тапшылығы, мектеп құрылысы картасын жоспарлау секілді мәселелер де оңтайланады”, — деді ол. 

Ал мұғалімдер не ұтады?

Ең алдымен, сыныптарды онлайн бақылауға, толығымен қағазсыз есепке көшуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге аттестациядан өту үшін қажет мұғалімнің бүкіл жылдардағы барлық еңбектері өзінің “жеке кабинетінде” болады. Осылайша мұғалімдердің жұмысын айтарлықтай жеңілдету көзделіп отыр. 

“Әділет, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің деректер базасын кіріктірсек, бүгіннен бастап мұғалімдердің үй-үйді аралауын тоқтатуға дайынбыз. 100 мыңнан астам мұғалім жылына екі рет барлық үйлерді аралап, оқушылардың деректерін жинайды. Бұл жұмысты енді істемей- ақ қоюға болады. Өйткені бұл мәліметтер деректер базасында бар”, — деді Сағадиев. 

“Мұғалімдер жылына екі рет бір ай бойы жүздеген үйді аралайды. Әрбір үйдің есігін қағып, санақ жүргізетін. Оларды иттер де тістейтін, түрлі қауіптен де қашып жүретін. Енді мұны жасаудың қажеті жоқ. Бірінші кезең наурызда басталуы керек. Біз мұғалімдерді осындай жұмыстан босатуды көздеп отырмыз”, — деп атап өтті министр. 

Дереккөзsputniknews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз