Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-10
USD
531
+1.72
EUR
544
+4.83
RUB
5.16
-0.01

Жамбылдық мектеп оқушылары жаңа технологияларды меңгереді

Зертханалық жұмыстар 6 бағыт бойынша жүргізілуде. Институт ғалымдары химия, биология, физика және робототехника салалары бойынша зерттеу жұмыстарының қыр-сырымен таныстырып, тың ойларын ортаға салуда. Кешенді тәжірибе жүргізуге педагогикалық институттың базасында толық жағдай жасалған. Оқу орнында студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Электротехника», «Радиотехника», «Электроника негіздері» және «Мектептегі робототехника» оқу-зертханалары жұмыс істейді. Дәрісханалар Lego, Tetrix, Аrduino роботтарымен, заманауи құрылғылармен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған.

Институтта тәжірибеден өткен озық ойлы оқушылардың ғылыми жобалары орталықта топтастырылады. Еңбектерді өндіріске енгізу ісі де жан-жақты қарастырылмақ. Бүгінде педагогикалық оқу орны өңірдегі бірқатар кәсіпорындармен келісімге отырған. Осыған орай, институт студенттері түрлі өндіріс зертханаларында өз жобаларын тәжірибеден өткізуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз