Ресейдің мүфтилер кеңесі Сауд Арабия билігінен Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарына Ресей квотасы бойынша қажылыққа баруларына рұқсат беруін сұрайды. Бұл жөнінде Ресей мүфтилер кеңесінің басшысы Равил Гайнутдин мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.
Әр мемлекетпен жасалған келісімге сәйкес, Сауд Арабия қажылық мезгілі кезінде барлық мемлекетке квота бөледі. Әрбір миллион тұрғын үшін мұсылман мың адамды қажылыққа жібереді.
Мүфтидің сөзінше, мигранттардың ішінен 200-400 адамға квота беріледі. Ол Сауд Арабия билігі оң шешім қабылдайды деп үміттенеді. Гайнутдин мигранттар үлкен қажылыққа ғана емес, жылдың кез-келген уақытында сапарлайтын кіші қажылыққа баруға да мүмкіндік алу керек деп есептейді.
Мәскеу мүфтиі Илдар Аляутдинов астанада жұмыс істейтін мигранттардың көпшілігінің қажылыққа баруға мүмкіндіктері бар дейді. «Олар мысалы Өзбекстаннан, Тәжікстаннан Меккеге барулары өте қиын. Өте көп шығын кетеді», – дейді Аляутдинов.