Қазақстан бойынша балабақша кезегі бір тізіммен жасалады.
Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Жемқорлыққа жол бермеу үшін, балабақшаға кезекке тұру ісін реттеу керек. Барлық кезекті республикалық бір тізімге қосамыз, электронды үкімет деңгейінде балабақшаға кезекті автоматтандырамыз. Бүгінде әр қалада кезек әрқандай, дегенмен, барлық кезек әкімдікте реттеледі”, – деді министр Мәжілістегі үкімет сағаты кезінде.
“Балапан” бағдарламасы бойынша бөлініп жатқан қаржыны, университеттегі грантқа ұқсас етіп, ата-аналарға балабақшаның ақысын төлеу үшін үлестіру керек. Сол кезде ата-аналар ең жақсы мекемелерді таңдайды және мемлекеттік тапсырыс та соларға түсетін болады. Балабақша мемлекеттік пе, жекеменшік пе – маңызды емес”, – деді министр.