Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Журналист қыз вахабистерге кімдерді жатқызатынын тізіп айтып берді

531

Егер сіз өмірден алынған қазақы мақалдарды айтқанда, біреу сізге “ол мақал ғой, қазақ айта береді” дей берсе, ол вахабис-салафит!

Егер біреу барлық дəстүрді жоққа шығарса, ол да бір вахабист-салафит, Құранның аяттарының тəпсірін білмейтін! Өйткені Құранда жазылған əр ел шариғатқа қайшы келмейтін əдет-ғұрыптарын дінмен сабақтастырып өмір сүруі керек деген! Ал, халифат ешқашан құрылмайды! Ол да Құранда жазылған!

Ал, кімде-кім ЖАББАР Иеміз “аспанда, көкте, жерде, оның көзі бар, қолы бар, отырады, тұрады” деп Жаратқанның сипаты мен мекеніне таласатын болса, олар не тəңіршілдер, не вахабистер, сосын өздерін салафитпіз деп жүргендер!

Құдай “Ықылас” сүресінде керемет сипатталған! Ол сондай тумаған да, ешнəрсеге мұқтаж емес, барлық нəрсе Оған мұқтаж, Оның баласы жоқ, Ол Жалғыз! Дəстүрлі дінімізді насихаттаушы имамдарды “бидғатшы” деп жүргендерде жат ағымдағылар! Олардан сақ болыңыздар! “Аш бəледен, қаш бəле” деген ғой!

Мөлдір Нұрман, журналист

Ақпарат Мөлдір Нұрманның блогынан алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз