Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Пишан ауданында теракт болды.
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Хотан аймақтық үкіметінің мәліметі бойынша, 14 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:20-да Пишан ауданында теракт болды деп хабарлады ҚазАқпарат.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 3 лаңкесті оқиға орнында атып өлтірді.
Теракт болғаннан кейін, аудандағы барлық дүкендер мен қонақ үйлер жабылды. Полиция халықтан үйден шықпауды және жалған ақпарат таратпауды талап етті. Жергілікті үкіметтің ресми сайтының мәліметінше, қазір Пишан ауданында ахуал тұрақтанды, тиісті тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.