Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

Шымкент әкімі: «Бұл өмірде ешкім періште емес»

113

Бірақ шаһар басшысының есебін тыңдауға келген қала тұрғындарының көбі көкейіндегі сауалдарын қоя алмай, қор болып қайтты. Жолы болған санаулы адамға ғана сұрақ қою мүмкіндігі берілді. Бірнеше шағымнан кейін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кезекке тізілген тұрғындарды жеке қабылдауына шақырды. Халықтан түскен жазбаша арыз-шағымдардың жауабы әкімдіктің интернет-парақшасына жарияланатынын жария етті.

Арыздарын айтуға бекінген бірнеше азаматты қаптаған шенеуніктер тоқтатты.

Олардың уәждерін өздері шешетіндерін уәде етіп, шағымдарын жазбаша түрде жинап жатты. Енді біреулері шенеуніктердің жиын барысында уәдені үйіп-төккенін көріп, райларынан қайтып, микрофон алдында әкімдерге алғыстарын жаудырды.

Жиын барысында қауіпсіздік шарасы да қатаң болды. Әкімдіктегілер рация мен байланыс құралдарымен қаруланған. Ақ жағалылар жиналған жұрттың әр қадамын бақылаумен әлек болды.

Әкімдердің алдына алдын-ала дайындалып келген өңірдің белді азаматтары Елбасы мен партиядан бастап, оңтүстік басшыларына бақытты күндері үшін, келер болашағы үшін мың алғыстарын жаудырды.

Жаттанды алғыс аздай, жиынға келгендердің үйлеріндегі келіншектеріне сәлем айтып, алдағы 8-наурыз әйелдер күнімен құттықтап, жұртты күлкіге қарық қылған біреу де болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз