АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің иммиграция туралы жарлығының күшін қалпына келтіруден бас тартқан судьяның шешімін сынады. “Судьяның елімізді мұншалықты қауіпке душар етіп отырғанына сене алмай отырмын. Егер бірнәрсе болса, судья мен сот жүйесін кінәлаңыздар. Адамдар ағылып келеді. Жаман!” деп жазды Трамп Twitter-де.
АҚШ әділет министрлігі апелляциялық шағым беріп, бұдан соң Трамп өз әкімшілігінің жеңіске жетеріне сенімді екенін мәлімдеген.
Дональд Трамп дауға қалған иммиграция туралы жарлығын шығарған. Бұл жарлық бойынша Сириядан шыққан босқындардың елге кіруіне 120 күнге дейін тыйым салынған еді.