Петропавл полициясы оқушы қызға іздеу жариялады.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқушының шешесі қыздың осылай бір-екі күнге сұранбай кетіп қалатын әдеті болғандықтан бірден полицияға хабарласпағанын айтқан.
Қазір жергілікті полиция оқушы қыздың болуы мүмкін барлық мекен-жайларды тексеріп жатыр. Қыздың белгілері: орташа денелі, бойы – 160-165 см, шашы сары, ұзын, көзінің түсі – көгілдір.
Үстінде сұр түсті күртешесі, қоңыр түсті шарфы, жеңі жоқ қара көйлегі, қоңыр түсті қыстық етігі болған.
Бұл қызды көріп немесе ол туралы мәлімет білген жандар болса, мына телефондарға хабарласу сұралады: 102, 8(7152) 39-48-37, 39-48-07, 8-707-625-90-14, 8-707-724-42-91, 8-707-507-71-64.