Ақмола облысында ұрланған 4 бас жылқы табылып, иесіне қайтарылды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 24-қаңтарында Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Көкшетау қаласының тұрғыны 4 жылқысының жоғалғанын айтып, арызданған.
“Арызданушының сөзіне қарағанда, жоғалған жылқылар Бурабай ауданындағы Қарабауыр ауылының маңында жайылып жүрген. “Барымта” жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер Солтүстік Қазақстан облысындағы Аймақ ауылының 36 жастағы тұрғынын қолға түсірді”, деп түсіндірді полицейлер.