Анау күні тойда бір беременный келіншек келіп; – Сабеременный би қойсаңдарщ,-дейді. Мәссаған, қасқа. Өзі беременный, биі сабеременный…
Сосын үйге келіп мына бір қаңғыған ойды сапырдым.
Біздің үй жақта нөмірі екінші емхана бар. Оған негізі қаусаған орыс кемпірлер мен екіқабат әйелдер ғана барады. Сол жерге барып, бір сағат тұрсаң қай әйелдің қаншасыншы баласына ауыраяқ екенін болжап, білуге болады. Бір машина ағызып келіп тоқтайды. Бірінші күйеуі түседі де есікті ашып, әйелін түсіреді. Әйелі жартылай әулие. Төөөу дүниені тындырып тастағалы жүр. Көзінде сәл-пәл қорқыныш. Күйеуінің есі кіресілі-шығасылы. Емханаға әйелін қолтықтап бірге кіреді. Тәәәк, бұлар бірінші баласын күтіп жүр.
Одан кейін шаршап-шалдығып бір әйел келе жатады. Жааааяяяяуууу. Қарынын әзер сүйреп келеді. Күйеуінің қарасы көрінбейді. Абайсызда тағы көтеріп қалғанына өзі кінәлі ме, қалай? Бұл енді точно төртіншіге ауыраяқ…
Ең, қызығы сол – бесінші балаға ауыраяқ әйелдер көп келе бермейді. Олар үшін айма ай келіп тексеріліп тұру уақытты бекерге өлтіру. Сосын роддом мәселесінде біріншіге ауыраяқтарда угроза көп болады. Сәл былп етсе, сылқ ете қалады. Және туарынан 10 күн бұрын барып жатады. Жеуге болмайтын заттарды терезеден кіргізіп жеееееп. Ал, төртіншісін босанатын әйелдер түнгі 10-да барады да, 11,30да босанып түк болмағандай жатады…
Әкелерге келсек, бірінші баланы күтіп жүргендер әйелі емханаға баратын күні жиналыстан қалып тұрып барады. Ал, төртіншінің кандидаттары істерге іс таппай бос жатса да бармайды.
Барлық әйелдердің екіқабат болуына тілектеспін… Әрине байы барлардың. Байы жоқтар әуелі бай тауып алыңдар. Алла тілеулеріңді берсін.
Бейбіт Сарыбай,
Фейсбук парақшасынан