Бішкек түбінде құлаған ұшақ бортында алматылық компанияның жүгі – ұялы телефонды зарядтайтын 2 тоннадай USB-құрылғы болған.
Бішкек түбінде апатқа ұшыраған Boeing жүк ұшағы Қырғызстандағы “JTI Kazakhstan LLC” компаниясы өкілдігінің жүгін тасымалдаған деп хабарлайды Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Бұл тауарға Қырғыз Республикасындағы “JTI Kazakhstan LLC” компаниясы өкілдігі тапсырыс беріп, Гонконгтан Ыстамбұлға жеткізілуі тиіс еді.