Желі қолданушылары Айсәуле Бақытбектің омырауы көрініп қалған суретіне қатысты пікір білдірді. Көпшілік оның өз жасынан әлдеқайда үлкен көрінетінін айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бір апта бұрын Айсәуле Бақытбек желідегілерге өтініш білдірген-ді. Бойжеткен шоурум, сұлулық салоны немесе әшекейлер дүкенін іздеп жүргені туралы жазды. Аталған дүкен фотосессия жасау үшін қажет екен. Ал фотосессияның суреттері журналда жарияланбақ. Көп ұзамай бойжеткен өзіне қажетті түсірілім орнын тапты. Тіпті, суреттерді түсіріп, оны парақшасына жариялап үлгерді. Ал желі қолданушылары өз кезектерінде аталған суреттерге қатысты пікір білдіруге асықты.

“Суретте мойны қайда?”, “Кербез. Макияжы да жақсы жасалған екен”, “Жап-жас болып сонша бояу не керек?”, “Бірден төстартқышпен түсе салмадың ба?”, “Ұят қалмады-ау”, “Қандай әдемі қыз, сүйкімді”, “Барлығының жасанды екені көрініп тұр”, “Мен сізді сыйлаймын”, “Онсыз да әдемі, бірақ ашық киінеді”, “Өзіңнің жасыңнан 10 жас үлкен көрінесің”, “Омырауына қараңдар”, “Бастапқыда Баян екен деп ойлап қалдым”, “Сұлусың! Бірақ омырауыңды сәл жауып түсуіңе болатын еді”, “Қазақ қызына бұл жат киім”, “Көкірегін жауып түссе адам болатын еді” деп жазады желі қолданушылары.