Димаш Құдайбергенов Жаңа жылдың басында Бейжіңге аттанып, онда кәсіби әншілер додасына қатысатындығын мәлімдеген еді.

Содан бері Димаштың әлеуметтік желісіне тыныштық жоқ. Жанкүйерлер Димаштың супер байқаудағы өнерін тағатсыздана күтіп, күнде бір жаңалық шығып қалар деп алаңдаулы. Димаштың өзі болса, Инстаграмға, негізінен, Бейжіңдегі суреттерін жариялаумен шектелуде. Жазба жазуға уақыт тапшы секілді.
Тек бүгін жеке парақшасында ол: „Бәрі 21-қаңтарда белгілі болады„ деп жазды. Соған қарағанда жерлесіміз байқаудың қорытынды парасына келіп жеткен секілді. Сол кезде, яғни 21-қаңтарда кіл мықтылар додасы Қытай телеарналардан көрсетілетін көрінеді. Біз оған тек сәттілік тілейміз!!!

Әзірге, Youtube желісінде Димаш Құдайбергеннің қытай тілінде салған әннің аудио жазбасы жарияланды. Осыны қанағат ете отырыңыздар…
https://www.youtube.com/watch?v=3AZ96SD3D4k&list=RD3AZ96SD3D4k