Универсиаданы күтіп, алақанын ысқылап жүрген алматылық жезөкшелерді қудалау басталды.
Алматы полицейлері Универсиада қарсаңында, қаңтардың 6-сы мен 25-і аралығына жоспарланған күшейтілген рейдтік шараларға шықты.
Универсиада кезінде қалаға келетін туристердің мазасын алып, Қазақстанның абыройын айрандай төгуі мүмкін деген желеумен жезөкшелер жазалануда.
Рейд барысында сексуалды қызмет көрсету арқылы ақша табам деген дәмемен қоғамдық орында жұртты мазалау бабы бойынша 49 факті тіркеліп, ұсталған жезөкшелерге қарсы әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, интимдік қызмет үшін бөлмені жалға беруге қатысты 7 факті әшкереленді.