Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
23
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Дода басталды! Димаш Құдайберген Қытайда тек дүлдүлдер бақ сынайтын байқауға қатысуда

133

Бұл жобаны Қытай елінің Hunan TV телеарнасынан 2 млрд халық тамашаламақ. Биыл байқаудың 5-ші маусымы өткізілмек.

«Бұл сайысқа Қытайдың әлем деңгейіндегі танымал әншілері, танымал жұлдыздары, күллі әлемдік стадиондар мен ареналарды жинап жүрген 6 әншісіне қарсы шет елдік бір әнші – биыл біздің Димаш бағын сынап, бәйгеге түседі. Бұл – жас әншілердің жарысы емес. Әбден қалыптасқан, өнер әлемінде аса танымал, жүздеген миллион көрермендері бар Қытайдың жарық жұлдыздары қатысатын кәсіпқойлар додасы. Біздің бала – ең жасы. Бұл бұрынғы байқаулардан мүлдем бөлек»-деп жазған Димаштың анасы Света Айтбаева.

Сондай-ақ Димаштың бұл додаға барар жолда үлкен дайындық жүргізгенін, стиль, имидж, бағыт-бағдар бәрі жаңаша болатынын да тілге тиек еткен.

Ертең – байқаудың бірінші күні. Елдің атын шығарар ер Димашқа халық болып қолдау көрсетіп, тілеуін тілейміз!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз