Қытайда жұмыс істейтін британиялық Чес Поуп YouTube желісінде Бейжіңді торлаған қара түнектің бейнекөрінісін жария етті, деп жазады Риа Новостийге сілтеме жасаған Қазақпарат.
Жедел түсірілген бейнекөріністе 20 минуттың ішінде қаратүнектің Қытай астанасының аспанын қалай басып қалғандығы айқын байқалады.
Қаратүнек Қытай астанасын жыл бойына торлап тұратын кездері болады. Дегенмен, жылу маусымы басталған қараша айының орта тұсы мен наурыз айы аралығында бұл проблема ерекше өзектілене түседі.
2017 жылы Бейжің қоршаған ортаның ластануымен күреске 2,5 миллиард доллар шығындауды жоспарлап отыр.