Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-5
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Түркі елдеріне одақ керек пе?

199

Әрине, бұл мәселе Түркияның 8-ші президенті марқұм Тұрғұт Өзалдың кезінен бастап көтеріліп келе жатыр.

Саясаттанушы Расул Жұмалының айтуынша, түркі мемлекеттеріне ортақ экономикалық одақтың құрылуы құптарлық дүние. Әйтсе де әлі күнге дейін бұл ұсыныс толық қанды іс жүзіне асқан емес.

– Түркі мемлекеттері арасында экономикалық одақ құру өте оң ұсыныс. Себебі түрік халықтарымен рухани-мәдени және тіл мен дін тұрғысынан байланысымыз бар. Бірақ та Нихат Зейбекчи жасаған мәлімдемесінің іске асуы қаншалықты мүмкін? Өйткені осыған ұқсас мәлімдемелер соңғы 25 жыл бойы үздіксіз айтылып келеді. Өкінішке қарай, түрік мемлекеттері арасында жақсы қарым-қатынас орнады немесе ақпараттық, гуманитарлық байланыс арта түсті деп айта алмаймыз. Көп мәселе түрік мемлекеттері басшыларының саяси ерік жігерлеріне байланысты болып отыр. Бұл мәселе бір министрдің аузымен айтылып қалмай нақты іске асса нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Расул Жұмалы.

Ресейдің ықпалынан арылу үшін керек

Расул Жұмалы. Фото: Вячеслав Батурин

Егер Түркі мемлекеттері бірігіп экономикалық одақ құрса, Ресейге қарсы үлкен күшке айналар еді.

Мәселен аталған одаққа Қазақ елінен бастап Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан Әзірбайжан сынды 6 мемлекет мүше болса, өзінің позициясын батыл қорғай алады. Оның үстіне, соңғы кездері Өзбекстанның беті бері қарап, соның арқасында түрік мемлекеттерінің қарым-қатынасына қан жүгіре бастады.

– Өзбекстан бұған дейін Ислам Кәрімовтың басқаруында болғанда өзімшіл болып келді. Оның дәлелі — соңғы 15 жылда аталған ел түрік мемлекеттермен қарым-қатынасын мүлде үзіп алды. Әсіресе Өзбекстанның Түркия және Қырғызстанмен арадағы түсінбеушіліктері тереңдеп кеткен болатын. Жуырда қос елдің басшылары Өзбекстанға ресми сапармен келіп, арадағы тоң жібігендей әсер қалдырды. Демек, Мирзиёев Өзбекстанның түрік мемлекеттерімен жақсы қарым-қатынас жасауына мүдделі болып отыр. Алайда бұл әлем елдері алдында уақытша жақсы көріну ме, жоқ әлде шын мәнісінде Өзбекстан түркі бірлігіне басымдық беріп отыр ма? Бұл жағы әзірге белгісіз.

Түрік мемлекеттерінің экономикалық одағы бізге Ресейдің ықпалынан арылу үшін керек. Себебі бұған дейін құрылған Еуразиялық экономикалық одағы елімізге ешқандай оң нәтиже әкелген жоқ,

– дейді саясаттанушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз